Оқулық жеткілікті
Биылғы оқу жылында оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету жұмыстары – қарқынды. Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептердегі 1-сыныптар үшін барлық оқулықтар және жұмыс дәптерлері – 100 пайыз дайын.
Қарағанды қалалық білім бөлімінің әдіскері Замзира Нақыпованың айтуынша, қалалық білім ұйымдары 2016-2017 оқу жылдары оқулық, оқу-әдістемелік кешен, қосымша әдебиеттермен 100% қамтылады. Бұл ретте, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі 8-сынып оқулықтары бойынша «Қазақ тілі» (авторы С.Аманжолов), «Орыс тілі» (авторы Б.Исмағұлова), «Алгебра» (авторы А.Әбілқасымова), «Геометрия» (авторы Г.Солтан), «Физика» (авторы Г.Байжасарова), «Химия» (авторы Н.Нұрахметов), «География» (авторы Ә.Бейсенова), «Қазақстан тарихы» (авторы З.Қабылдинов), «Дүние тарихы» (авторы Н.Алдабек), «Қазақ әдебиеті» (авторы С.Мақпырұлы) оқиды.
Ал, орыс тілінде оқытатын мектептердегі 8-сынып оқулықтары «Орыс тілі» (авторы Э.Сулейменова), «Қазақ тілі» (авторы Т.Артыкова), «Алгебра» (авторы А.Әбілқасымова), «Геометрия» (авторы Г.Солтан), «Физика» (авторы Г.Байжасарова), «Химия» (авторы Н.Нұрахметов), «География» (авторы Ә.Бейсенова), «Қазақстан тарихы» (авторы З.Қабылдинов), «Дүние жүзі тарихы» (авторы Н.Алдабек), «Орыс әдебиеті» (авторы Ж.Салханова) бойынша жүргізілмек.
Сондай-ақ, қазақ және орыс тілінде оқытатын мектептердегі 4-сынып оқушылары ағылшын тілін «MacMillan» баспасынан шығарылған кітаппен оқиды. Биыл барлық 9-сынып оқушылары «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнімен жүз пайыз қамтылса, қала мектептеріндегі 8-сынып оқушыларының 40%-ы «Арман-ПВ» баспасынан шығарылған А.Вьюшкованың авторлығындағы «Информатика» кітабын оқиды. «Атамұра» баспасынан шыққан «Биология» (авторы Р. Әлімқұлова) пәнінің кітабы 45% оқушыға үлестірілетін болады.
Айта кеткен жөн, 19 тамыз күні оқушылар үшін (1-ші және 8-ші сыныптардан басқа) сату және айырбастау бойынша кітап жәрмеңкесі өткізіледі.
Аяулым СОВЕТ