Өнерлі жастар ордасы

Бұрынғы тау-кен техникумы, қазіргі Қарағанды политехникалық колледжі – облысымызда орта арнаулы білім беретін бірегей білім ордасы. Оқу орны техникалық болғанымен, студенттерінің басым көпшілігі өнерлі әрі жан-жақты.


Студенттердің өнерге құрметін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткен «Жігіт сұлтаны» сайысында байқадық.1 курс студенттері арасында өткен сайысқа колледж ұжымы тегіс атсалысыпты. Колледж психологы «Қазақ тілі және іс жүргізу» кафедрасының меңгерушісі Бақытгүл Омарова, психолог Сауле Серікова, колледждің музыкалық көркемдік жетекшісі Саят Ерғалиұлы және БАҚ өкілдері төрағалық еткен сайыста, жігіттер елге өз пайдаңды тигізу, жақсылық жасау – әр азаматтың міндеті екенін айтты. Жастар таныстыруды өзінің шыққан тегінен бастады.
«Ұлы жол үйдің табалдырығынан басталады» кезеңінде қатысушылар ата-салтты насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерді атады. Жігіттер шежіре тарқатуда өз руынан шыққан хан, би, батыр, жырау болған, жазушы, ғалымдарды тілге тиек етті. Қазақ батырлары, хандары мен би-шешендері, ақын-жазушыларының бейнесін сомдады. Сондай-ақ, әр қатысушы қоршаған ортаға тигізген пайдасы мен көрсеткен көмегі жайлы әлеуметтік жоба қорғады.
Сайыста жігіттер күш сынасты. Жерден көтеріліп, (отжимания) мықтылығы мен күштерін дәлелдеді. Білікті әрі ізденімпаз, шебер орындаушы және көрермен көзайымына айналған жігіттер анықталды. 
9-1ПБ-17 тобының студенті Расул Құрманғазы қазақы төбеттер жөніндегі қызықты зерттеуімен, оны өсіріп, баптау әдістерімен бөлісіп, «Жігіттің сұлтаны» атанды. 
Сондай-ақ, Расул «Рухты жігіт» аталымына лайық деп танылды. Техникалық мамандықтар бойынша тәлім алатын жастар өнерден құр алақан еместігін осылай көрсетті. Ұстаздары өнерлі жастарға қошемет білдірді.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.