АймақҚарағанды

Назарбаев даңғылының жолы уақытша жабылады

Қарағандыда су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары себебінен Назарбаев даңғылындағы жол учаскесі жабылады.

Сурет: “Қарағанды Су” ЖШС

2-18 қараша аралығында Назарбаев даңғылында (тақ жағы) диаметрі 315 мм су құбыры желісін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге байланысты Ерубаев көшесінен Бұқар жырау даңғылына дейінгі жол учаскесі автокөлік иелері үшін жабық болады. Сондай – ақ, Лобода-Назарбаев учаскесінде де автокөлік қозғалысы жабылады.

Жұмысты «Қарағанды Су» ЖШС бригадасы траншеясыз технология бойынша жүргізеді. Компания бұл жолы құбырдың соңғы 100 метрін ауыстырамыз дейді.

Осыған орай, № 1, 28, 43, 44, 65, 07, 13, 30 қоғамдық көліктерінің қозғалыс схемасы өзгерді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button