Ресми

Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерге ескерту жасады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жолдауында әкімдерге ескерту жасады.

 “Ипотекалық несиені қолжетімді ететін  “7 – 20 -25″ бағдарламасын қолға алдық. Жақсы бағдарлама емес пе?! Отбасында екі адам жұмыс істейтін болса, олар осы несиенің көмегімен оп-оңай баспаналы бола алады. Бар жоғы 7%. Өзгесін үкімет көтереді. Бұрын бастапқы жарна 50 пайыз болатын, қазір 20 пайызға түсірдік. Бұрын 10 жылда қайтаруға міндеттелсе қазір 25 жылға дейін ұзарттық. Бір сөзбен айтқанда баламасы жоқ бағдарлама. Әйтсе де, қарапайым халық бұл бағдарламаның қызығын көрген жоқ. Неге? Қазір қанша өтініш келіп түсті? Кім біледі?”, – деді Президент.

Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Акишев бүгінде 2 мыңға тарта өтініш мақұлданғанын жеткізді. 

“Бар болғаны екі мың өтініш мақұлданды ма? Баспаналы болғысы келетіндер жоқ па, әлде несие шарты тиімсіз бе? Бағдарлама жарияланды, бірақ, жұмыс істемейді. Неге? Демек, үкімет дұрыс жұмыс істемейді, әкімдер дұрыс жұмыс істемейді. Барлық әкімдерге ескертемін! Жыл соңында бұл сіздердің жұмыс нәтижелеріңізді бағалауда ескеріледі. 2019 жылы орындарыңызда қаласыздар ма, жоқ па? “, – деді Елбасы. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button