АймақНұра

Нұра ауданында жоғалып кеткен шопан табылды

Бүгін сағат 09:46-да құтқарушылар Нұра ауданының қыстауынан адасып кеткен ер адамды тапты. Медициналық көмекті қажет етпейді.

Суреттер: ҚР ТЖМ

17 ақпанда (туыстарының айтуы бойынша) жоғалған ер адам қыстауда болуы мүмкін деген ақпарат келіп түсті.

Бүгін сағат 07:30-да Трекол көлігіндегі жедел-іздестіру тобы Нұра ауданы Сарыөзен кентіндегі қыстаққа аттанды. Қарда жүретін көлігінің жанармайы таусылғаннан кейін адасқан азамат сол жерге жеткен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына облыстың Әбілдинов Марат, Вицо Александр, Алиев Раис, Ғұсманов Қанат, Халле Константин, Кеңесов Елдос, Дүйсенбай Қуандық, Шестюк Сергей, Бижан Ерболат есімді құтқарушылары қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұра ауданында ақпанның 14-і күні үйінен мал іздеп кетіп,  байланысқа шықпаған шопанды тікұшақпен іздеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button