Ресми

Нұра ауданында жоғалып кеткен шопанды тікұшақпен іздеуде

Нұра ауданында ақпанның 14-і күні үйінен мал іздеп кетіп,  байланысқа шықпаған шопанды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Сурет пен видео: ТЖД-нен алынды

Бүгін адасып кеткен адамды іздеуге тікұшақ жұмылдырылғаны белгілі болды. Ер адам қыстағынан қарда жүретін көлікпен шығып, жоғалып кеткен.

– Тұлғаны іздеуге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиакөлік» АҚ МИ-8 тікұшағы көтерілді.  Төтенше жағдайлар қызметінің күштері Нұра ауданындағы Кенжарық ауылынан 60 шақырым жердегі қыстағынан  14 ақпан күні қарда жүретін көлікпен шығып кеткен ер адамды іздестіріп жатыр, – деді Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменінің баспасөз қызметі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button