Жаңалықтар
Мезгіл мәселесі! Отынмен қамту – ойдағыдай
Кешегі күнге дейін Ұлытау өңіріндегі әлеуметтік нысандардың 98%-ы көмірмен қамтылған. Бұл туралы ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі хабарлады.
Атап айтсақ, білім беру мекемелеріне – 6200 тонна (100%), денсаулық сақтау мекемелеріне 530 тонна (100%) көмір жеткізілген. Мәдениет нысандары (1418 тонна) және спорттық ұйымдар да (170 тонна) қысқа қажетті отынмен толық камтылған. Бюджеттік мекемелердің қазандықтарына 985 тонна (85%) көмір түсірілген. Осы аптада бұл көрсеткіш те 100%-ға жеткізіледі деген болжам бар.
Жалпы, бұл мақсатқа бюджеттен 128,8 миллион теңге қаражат бөлінген.
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
“Орталық Қазақстан”