АймақҚарағанды

Мереке күндері облыста 68 нәресте дүниеге келді

Қарағанды қаласы перзентханаларында 31 желтоқсаннан 3 қаңтарға аралығында барлығы 58 бала, ал облыс бойынша 68 бала дүниеге келді. Сонымен қатар облыстық клиникалық аурухананың екі перинаталдық орталығында демалыс күндері 44 сәби дүниеге келді.

Сурет: kaktus.media

Михайловкадағы №1 перинаталдық орталықта 1 қаңтар сағат 01:10 шамасында салмағы 3 келі 166 грамм, бойы 50 см болатын қыз бала дүниеге келсе, араға 15 минут салып Пришахтинсктегі №2 перинаталдық орталығында салмағы 3 келі 940, бойы 51 см болатын ұл дүниеге келген.

Сонымен қатар, 1 қаңтарында таңғы сағат 7-ге дейін облыстық клиникалық аурухананың перинаталдық орталықтарында үш сәби дүниеге келді. Ал, барлық мереке күндері екі перинаталдық орталықта жаңа туған нәрестелер саны 44-ке дейін өсті. Ақпараттарға сүйенсек, №1 перинаталдық орталықта – 26, №2 перинаталдық орталықта – 18 әйел босанған. Бұлардың ішінде екі егіз де бар.

Сондай-ақ, Қарағандының тағы бір перзентханасында өңірлік акушерлік – гинекологиялық орталықта 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні салмағы 3540 грамм және бойы 53 сантиметр болатын бір бала дүниеге келді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button