Басты тақырыпТеміртау

Менiң елiм – Мәңгілік ел

     Бүгінгі біздің басты мұратымыз – 25 жылдық Тәуелсіздігімізді тұғырлы, мемлекеттігімізді ғұмырлы ету. Бұл жолда жастарға артылатын сенім мен жауапкершіліктің жүгі өте – зор. Өйткені, азат Қазақстанның кемел келешегі, Алаш туының астында күн сөнгенше сөнбеуі өскелең ұрпаққа тікелей байланысты.

      Осы ретте «Мәңгілік Ел» баста­масы – ортақ шаңырағымыздың ұлт­тық идеясы, халықты бүгіні мен ертеңге құлшындыратын ізденіс пен серпілістің үйлесімі болып табылуында екені. Бұған жетудің негізі – білімді де, озық ойлы жастарымыздың ортамыздан ойып тұрып орын алуында. Білімділік пен біліктілік барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты жас қана келешек тізгінін өз қолына ала алады. Елбасымыздың «Біздің халықтың басым бөлігінде алғырлық пен сезімталдық бар, егер сенің мақсатың жасампаздыққа, жақсартуға, жаңартуға бағытталса онда халық әрқашан сені қолдайды» деген елге сенімі Күлтегін бабамыздың «Халқына бегі, бегіне халқы сенген ел ұзақ жасайды» деген ойымен астасқандай. Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында қараша айының 18-інші жұлдызында өткізілген озық ойлылар дебат ойыны жоғарыда айтылған Елбасы сөзінің бірден-бір дәлелі іспеттес. Ойынды Парасат клубының мүшесі қалалық дебатшылар ойынының жетекшісі, үздік спикер Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің 4-курс студенті Қазыбек Шалқаров жүргізді. Ойынға қатысқан басты «ХХІ ғасыр көшбасшылары» және «Көшбасшы» тобы болып университеттің 1 және 2 курс студенттері екіге бөлініп, бірі «Үкімет» екіншісі «Оппозиция» болып екі түрлі пікірде, көзқараста өз ойларын ортаға салып, ойталқыға түсті. Ойталқыға түскен басты тақырып – «Қазақ халқының қазіргі кездегі салт-дәстүрі» жайында өрбіді. Дебат қызықты өтуі қатысушыларды да бей-жай қалдырмай, өз ой-пікірлерін білдірушілер бірінен соң бірі сөз алды. Сондай-ақ, спикер ойын барысында көптеген дәлелдер мен деректер келтірген жеңген топты анықтап түсіндіріп берді. Ойын соңында дебат ойынының жетекшісімен бірге 1-курс студенті Шұғыла Әбдірахман, 2-курс студенттері Ержан Байсал, Арайлым Смайыл, Айбибі Ақберген орталықтың алғыс хаттарымен марапаттады. Алдағы кезеңдерде де өзекті деген әр түрлі тақырыптарға осындай ойталқылар өткізіп отыруға келісім жасалды.

Құрманшәді ОРАЗЫМБЕТОВ,

Тұңғыш Президенттің

тарихи-мәдени орталығының ғылыми қызметкері.

ТЕМІРТАУ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button