ЖаңалықтарСпорт

Қазақстан футбол федерациясы бас бапкермен келісімшартты ұзартпайды

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Джон ван ’т Шкип келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады. Осылайша нидерландтық маман ұлттық құрамадан кетеді.Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сурет Қазақстан футбол федерациясынан

– Келісімшарт осы аптаның соңында аяқталады. Біз де, бапкердің өзі де оны ұзартуға ниетті емеспіз. Енді ұлттық құраманы Еуропа чемпионатына шығаруға көмектесетін, ұзақ мерзімді жұмыс істейтін маманды іздеу процесін бастаймыз, – деді Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн.

Джон ван ’т Шкип ұлттық құраманы 2026 жылдың тамыз айынан бастап жаттықтырды. Ол бұл қызметте Талғат Байсуфиновты алмастырған еді. Нидерландылық маманның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының С дивизионындағы үшінші топта алты ойын өткізді.

Алайда команда бұл кезеңде бірде-бір жеңіске жете алмады. Фарер аралдарымен екі рет, Словакиямен бір рет тең ойнады. Ал Молдоваға екі мәрте, Словакияға бір рет есе жіберді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button