Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда ауа температурасы +10 градусқа дейін көтеріледі

Қарағанды облысында бүгін күн құбылмалы бұлтты болып, кей жерлерде жаңбыр жауады. Ауа температурасы маусымға қарағанда жылы болғанымен, жел соғып, күн райы құбылмалы болады.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Қарағанды қаласында түнде ауа температурасы +4…+6 градус, күндіз +8…+10 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр. Күндіз жаңбыр жауып, ауа райы салқындай түсуі мүмкін.

Облыстың кей аудандарында жауын-шашын күтіледі.

Синоптиктер ертең ауа температурасының төмендеп, жауын-шашынның жаңбыр мен қар түрінде түсетінін болжайды. Түнде және таңертең тұман болуы ықтимал

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button