Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет сапасы-ел болашағы

Еліміздің дамуы қажырлы еңбек пен сапалы қызметті талап етеді. Осыған орай әр істе сапалы қызмет көрсету – еліміздің жарқын болашағына деген нық қадам. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтеріміз күннен-күнге дамып, қарапайым халыққа қолжетімді және тиімді бола түсті. Тұрғындардың көрсетілетін қызметтер туралы толық мәлімет алуына қолжетімділігі артты.

Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiндеттердiң бiрi – жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет алуға барлығының бірдей қол жеткiзуi. Осы арада барлығына бірдей қол жетімділік деп бірінші кезекте электронды қызмет алуды айтуға болады. Яғни, электронды үкімет порталы арқылы қолымыздағы цифрлы қолтаңбаның көмегімен, ешбір адамның көмегінсіз, таныстамыр іздеместен, ұзын сонар кезекте тұрмай, ешкімге кіріптар болмай-ақ, кез келген қызметті көрсетілген уақытта алу артықшылығына ие болуды білдіреді.

Бұл өз алдына мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырып, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойып, әрқайсымыздың цифрлы сауаттылығымызды жоғарылатып, бәсекеге қабілеттілігімізді айқындайды.

ттілігімізді айқындайды. Елбасының «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы нұсқауларға сәйкес мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетуді халық арасында танымал ету бағытында облыс бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұсынысы бойынша облысымыздың барлық қала, аудандарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкелері өткізілуде, ақпараттық буклеттер таратылуда, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, білім беру мекемелерінде, әр ауылдық округ әкімдіктерінің ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды алуға барлық мүмкіндіктер жасалуда.

2018 жылдың бірінші жарты жылдығында облыс бойынша азаматтарға мемлекеттік қызметтерді электронды алуға және мемлекеттік қызметтерді алудағы құқықтары мен міндеттерін насихаттауға бағытталған 186 баннер орнатылып, 62435 түсіндірме парақшалары таратылды.

Аталған іс-шаралардың басты мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттыру болып табылады.

Ә.ӘБДІКӘРІМОВ,

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button