Жаңалықтар

Маммологиялық орталық ашылды

Қарағандыда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында заманауи маммалогиялық орталық ашылды. Медициналық мекемеде темосинтез аппараты орнатылған. Мамандардың айтуынша, ол көлемі бірнеше миллиметр ғана болатын ісікті анықтауға қабілетті.

Орталық болса,  «Olymp Medical Group» ЖШС-нің жеке қаражаты есебінен салынған. Мұнда маммологтар, хирургтар, эндокринологтар мен гинекологтар қабылдау жүргізеді. Жоғары технология лық жабдықтар сүт безі обырының және басқа да ауруларды ерте анықтау ға  мүмкіндік береді. Орталықтың басты артықшылығы – бірегей томосинтез аппаратында. Бұл аппарат арқылы  кеуденің сан түрлі түсірілімін жасап,  оны электронды 3D үлгісіне трансформациялауға болады. Мұндай аппарат Қарағанды облысында – жалғыз.  Ал, еліміздегі үшінші аппарат.

Қажет болған жағдайда, аппараттан тексеруден ер адамдардың да өтуіне мүмкіндік бар.

«Сандық томосинтез қазір жаңа технология ретінде тіркеліп, биыл оны тарифке енгізу жоспарланып отыр. Осы зерттеу тарифі ресми мақұлданғаннан кейін мемлекеттік тапсырыс және міндетті медициналық сақтандыру аясында жүзеге асырылады», – деді «Olymp Medical Group» ЖШС бас директоры Ержан Сүлейменов. Жаңа орталықта медициналық сақтандыру шарасының қатысушылары маммологиялық және пластикалық хирургиямен қатар,  тегін қызметтерге де жүгіне алады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button