Мәңгілік Елдің маңызды қадамы

  Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы Жарлыққа қол қояр алдында Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков пен Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдады. Латын қарпіне негізделген қазақ əліпбиінің соңғы жобасы қызу талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапқанын айтты.

– Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет. Комиссия жұмысын аяқтады. Соңғы нұсқа жарияланды. Ғалымдар, тілтанушылар, саясаткерлер, жастар және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ортақ мәмілеге келді. Жалпы, қоғам қолдап отыр, – деді Қазақстан Президенті.

Ұлт Көшбасшысы қазақ әліпбиін латын қарпіне кезең-кезеңмен және жүйелі түрде көшірудің маңыздылығына назар аударды.

Қазақстан Республикасы Президентінің  2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығымен бекітілген

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.