Руханият

Мәди жайлы мәнді һәм мәңгі туынды

Қолыма, Қарағанды қаласындағы «TENGRI Ltd» баспаханасынан басы­лып шыққан «Тартыспен өткен ғұмыр» атты кітап түсіп, өлең жолдарымен жазылған естелікті бір демде оқып шықтым.

 

Бұл кітаптың негізгі материалы – Мәдидің жақын туысы Әждар Есмағанбетов­тің өлеңмен жазылған естелігі. Әждар Есмағанбетов Егіндібұлақ өңірінде дүниеге келген. Ол – Мәдидің көзін көріп, әнін тыңдап, оны халыққа айтып насихаттаушы өнер иесі. Мәдиді 1915 жылы Қара­өткел, Атбасар өңірінде айдауда болып, соңы Омбыдан ақталып шыққан соң қарсы алып, Керекуден елге алып келуге аттанған екі жігіттің бірі және Мәди өміріне қатысты көптеген оқиғалардың куәгері. 1993 жылы 96 жасында өмірден озған.

Шежіре бойынша Есмағанбет Асаннан, ал Мәди Қазыбек биден тарайды. Қазыбек би мен Асан – егіздер екен. Әждар бірінші жазбаларын Әди Шәріповтің қолына берген. Ол жазбалар хабарсыз кеткен. Естелік қолжазба түрінде жазылып, 1980 жылы машинкамен басылған. Қолжазбада Мәди өміріндегі көптеген тарихи оқиғалар бар. Мәди атамыздың өмір сүрген уақыттарындағы қатарлас, замандас бірталай адамдардың аттары аталады.

Қолжазбаны осы күнге дейін сақтап, әке аманатына адал болған қызы – Риза Әждарқызы. Риза Әждарқызы – Ақтоғай ауданы Шабанбай би ауылының келіні. Жолдасы Жақан Алтынбекұлы тұтыну және ауыл шаруашылығы салаларында ұзақ халыққа қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан. Бұл күндері Қарағанды қаласының тұрғындары. Әждар ақсақалдың бірталай қолжазбалары үлкен ұлы Қайдардың қыздары Өскемен қаласында тұратын Жаннада және Шымкент қаласында тұратын Гүлнарда сақталған…

Мақаланың жалғасы газеттің 10 қарашасында шыққан №126 (23 302) санынан оқи аласыздар.

Төлеужан АХМЕТБЕКОВ,
мемлекеттік қызмет ардагері

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button