Жоба

Ұлттық ұран ұлықталды

«Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел» кітаптар сериясымен жарыққа шыққан «Қазақтың ұлттық күнтізбесіндегі» Ұлттық ұран күніне орай Қарағандыда Қазақ тілі қоғамының ұйымдастыруымен ұлттық ұран күні аталып өтті. Алғаш рет өткен шарада жиналған жұрт қазақ халқының «Алаш», «Әруақ», «Абылай» ұрандарын айтып, арнайы құттықтау жолдады.

Бұл – кітаптар сериясы аясында қолға алған 23-ші жобамыз. Бұған дейін «Тәуелсіздік лентасы» және қазақтың әскери салттарын ұлықтайтын «Жауынгерлік даңқ лентасы», «Қазақ тарихының анықтамалығы» сынды бірегей жобалар ұсынылды. Алдағы уақытта кітаптар сериясы шеңберінде мемлекеттік тілді оқытуға негізделген арнайы әдістеме және ұлт құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Халық мұрасы» бағдарламасын, «Ердің 50 міндеті» сынды жобаларын ұсынамыз, – дейді жоба жетекшісі Нұржан Сұршаұлы.

2019 жылы тұсауы кесілген «Қазақ күнтізбесінде» Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған 19 атаулы күн белгіленген. Бүгінге дейін ұйымдастырушылар Ұлт денсаулығы күні, Қазақ тарихы, Қазақ әдебиеті, Туған жер, Ұлттық ойындар, Мемлекеттік тіл, Ұлт қайраткерлерін еске алу күні, Қазақ өнері, Батырлар күні, Аяулы қазақ қыздары, Қазақ халқы, Ақсақалдар күндеріне арнайы шаралар өткізіп келеді.

Басқа материалдар

Back to top button