Жаңалықтар

Ұлттық гвардия офицері қауіпті қылмыскерді құрықтады

 ҚР Ұлттық гвардиясының Теміртау қаласындағы 5516 әскери бөлімінің қызметкерлері аға лейтенант Д.Бектыбаев пен аға сержант К.Бердияров қауіпті қылмыскерді құрықтады.

22 қыркүйек күні әскерилер кафелердің бірінен шыққан айқай-шу мен көмекке шағырған дауысты естиді. Куәгерлер адам өлімі орын алғанын, күдіктінің қашып кеткенін айтады. Әскерилер бірден жағдайды бағамдап, күдіктінің соңына түскен. Аға лейтенант Бектыбаев күдіктіні қуып жетіп, жекпе жек әдісі арқылы  тұтқынға алған. Артынша оқиға орнына шұғыл жеткен Теміртау қалалық ІІБ тергеу тобының қызметкерлері күдіктінің қолына кісен салды. Қазір тергеу амалдары жалғасуда. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button