Басты тақырыпРесми

Әлеуметтік әріптестік орнатты

00

Сейсенбі күні Қарағанды қаласының әкімі Н.ӘУБӘКІРОВ Болгария Республикасы Несебьр қаласының мэрі Н.ДМИТРОВПЕН телекөпір арқылы салтанатты қол қою рәсімін өткізді. Телекөпірге мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, әлеуметтік сала мамандары қатысты.

– Биылғы жыл еліміз үшін айтулы мерекелерге толы. Әсіресе, Астана күнін барша қазақстандықтар жоғары дәрежеде атап өтті. Бүгінгі таңда Болгария Республикасымен бірлескен қарым-қатынастың нәтижесінде Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ – Болгар кеңесімен бірігіп, инклюзивті білім беру жөніндегі жиындарды жиі өткізіп тұрады. Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ұйымдастырылған сайыстарда қала азаматтары жүлделі орындар иеленіп жүр. Елдің мәдени-әлеуметтік жағдайының жақсаруы атқарушы органдар үшін аса маңызды, – деп атап өтті қала басшысы Н.Әубәкіров.

Жалпы, ұйымдастырылған салтанатты шара – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қарағанды облысының 80 жылдығы және Астана күніне орайластырылды. Бұл ретте, Несебьр және Қарағанды қаласының ынтымақтастық орнатуы – мәдениет, денсаулық, білім және туризм, әлеуметтік салада өзара тәжірибе алмасуды көздейді. Құжатқа сәйкес алдымен, үкіметтік емес секторлар мен орталықтарды тарту негізге алынған. Қол қою құжатында тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында ұйым­дасқан түрлі мәдени шараларды өткізу қолға алынбақ. Халықты әлеуметтік қорғау төңірегіндегі бизнес жобалар талқыланып, көрмелер өткізу жоспарланып отыр.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button