Қарқаралы

Әлеуметтік дәріхана ашылды

    Әрбір мемлекеттің басты байлығы оның халқы екені белгілі. Елдің саулығы, әл-ауқатының жақсы болуы, білім алуға, еңбек етуге, демалуға барынша мүмкіндік алуы сол мемлекет саясатының басты бағыты болып табылатыны және рас. Мұндай игілікті негіз біздің Қазақстанға да тиесілі. Дамыған мемлекеттер қатарына кіретін еліміз бүгінде ұлт саулығына байланысты едәуір ұтымды жұмыстар жүргізуде.

    Жуырда Егіндібұлақтағы учаскелік ауруханада арнайы әлеуметтік дәріхана ашылып, халыққа қызмет ете бастады. Оның мақсаты жергілікті тұрғындарды қолжетімді, яғни, арзан және сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Шығарылған бағасына бар-жоғы 5% үстеме ғана қосылатын дәрілер шынында алыстағы ауыл халқы үшін берілер үлкен көмек болмақ. Мемлекеттік бағдарлама арқылы жасалған бұл көмек біріншіден жұртшылыққа тиімді болса, екіншіден денсаулық сақтау мекемелерінің жұмыстарына жасалатын жәрдем. Ол елдің алысқа сабылмай өз ауылындағы аурухана арқылы, сондағы дәрігерлердің қорытындысы, жасалған тексерулердің нәтижесіне сай қолжетімді бағаға керекті дәрі- дәрмектерін алып денсаулықтарын түзеу, сақтау.

    Әрине, бұл дәріхананың пәрменді жұмыс жасауына жергілікті жердегі аурухана басшылығынан бастап аудан, облыс мекемелерінің де оң көзқараспен ықпал жасайтыны күмәнсіз.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button