АймақБас тақырыпҚарқаралы

Саят Мусин Қарқаралы ауданының әкімі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Қарқаралы аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі негізінде Саят Мусин Қарқаралы ауданының әкімі болып тағайындалды.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Жаңа әкімді аудан активіне Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таныстырды. Өңір басшысы Саят Мусиннің кәсіби біліктілігі мен басқарушылық тәжірибесіне жоғары баға беріп, оған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты міндет жүктеді.

– Бүгінде ауданда ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қарқаралының туристік әлеуетін арттырудың маңызы зор. Сондықтан басталған жобалардың сабақтастығын сақтап, олардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету қажет. Аудан активімен бірлесе отырып, өңірдің дамуына елеулі үлес қосып, жақсы нәтижелерге қол жеткізесіз деп сенемін. Сізге жемісті еңбек, ел сеніміне ие болып, тұрғындардың құрметі мен қолдауына бөленуіңізді тілеймін, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Саят Мусин бұған дейін Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Еңбек жолын ветеринария саласында бастаған ол Орталық ветеринариялық зертхананың дәрігер-радиологы болып еңбек етіп, кейін облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары қызметіне дейін көтерілді.

2015 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Әр жылдары Абай ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2025 жылдың сәуір айынан бастап Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, осы тағайындауға дейін сол лауазымда еңбек етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button