Жаңаарқа

Коворкинг орталығы жұмыс істей бастады

Жаңаарқа ауданындағы Атасу кентінде орналасқан Сәкен Сейфуллин атындағы кітапханада заманауи коворкинг орталығы ашылды. Оны жабдықтауға аудандық бюджеттен бес миллион теңге бөлінген.

NurOtan партиясының бастамасы аясында ашылған коворкинг орталық жастарға өз жобаларымен жұмыс істеуге көмектеседі. Білімпаз жастарға ауадай қажетті ыңғайлы креслолар, үстелдер, бірлескен және топтық жұмысқа арналған алаңдар, тегін Wi-Fi, жылдам интернет, компьютерлер, принтерлер мен сканерлер және тағы басқа дүниелер бар.

– Мұнда әркім өз сүйікті ісімен айналысу үшін барлық мүмкіндікке ие. Коворкинг орталығы кітапхананы жастар үшін заманауи әрі тартымды етуге көмектеседі, – дейді қызметкерлер.

Басқа материалдар

Back to top button