Бас тақырыпРесми

Конституциялық Сот жаңа Конституцияның толық аудио және бейненұсқасын ұсынды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты Конституциялық Сот оның толық мәтінінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудионұсқасын әзірледі. Бұл туралы Конституциялық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сурет Конституциялық Сот

Сондай-ақ Конституциялық Соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында Конституцияның толық бейненұсқасы жарияланды.

– Жоба азаматтардың Ата Заңға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Аудиоформат көру қабілеті бұзылған адамдар үшін, сондай-ақ ақпаратты тыңдау арқылы қабылдауды қалайтын барлық азаматтар үшін өте ыңғайлы, – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Конституциясының толық аудионұсқасы төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/article/details/241726?lang=kk

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button