АймақТеміртау

Теміртауда «Тегін заң кеңестері» мерейтойлық республикалық акциясы өтті

«САРЫАРҚА» заң кеңесшілерінің құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шара ұйымның құқықтық ағарту саласындағы 10 жылдық қызметіне арналды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Жастар орталығында өткен акция барысында тұрғындар отбасылық құқық, еңбек қатынастары, тұрғын үй, мұрагерлік, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және өзге де құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алды.

Азаматтардың сауалдарына тәжірибелі заңгерлермен қатар, қалалық мемлекеттік мекемелердің өкілдері де жауап беріп, өз құзыреттеріне қатысты түсіндірмелер ұсынды.

Ашық форматта өткен қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша нақты жауаптар мен практикалық ұсынымдар алды.

Ержан ИМАШ
ТЕМІРТАУ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button