Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 16-ға жетті

Костенко шахтасынан тағы 5 кеншінің мәйіті табылды. 31 кеншіні іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

– 252 адамның 205-і жер бетіне шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінді. 31 кеншіні іздеу жалғасуда. 16 шахтердің денесі табылды, – деп хабарлады “АрселорМиттал Теміртау” АҚ баспасөз қызметі.

Апат орнында құтқарушылар жұмысын жалғастыруда. Штаб жұмыс істеп жатыр

Костенко атындағы шахтада болған оқиғаға байланысты “АрселорМиттал Теміртау” АҚ ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖ Департаментінде ақпараттық және психологиялық қолдау үшін жедел желі телефондары жұмыс істейді 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.