«Шұбаркөл Көмір» АҚ көмір кәсіпорнының аумағында арнайы кокс өндіретін жаңа зауыт ашылмақ.

Жылына 400 мың тонна арнайы кокс өндіретін зауытта 184 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Бұл жобаға 60 млрд. теңге инвестиция ретінде құйылған.
Зауыт – ERG-дің мемлекеттік импортты алмастыру бағдарламасына қосқан үлесі. Мұнда заманауи техникалар орнатылып, жүйе автоматтандырылған.
Арнайы кокс өндіретін зауыттың технологиялық іске қосылуы телекөпір режимінде Eurasian Resources Group (ERG) «Қазтұтыну 2.0» I Халықаралық форумында өтті.
Сондай-ақ, форумда ERG отандық тауар өндірушілермен ынтымақтастық туралы меморандумдарға және жеткізу шарттарына қол қойды. Құжаттарға «ТПБ АГРОМИР» ЖШС, «Қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорын» ЖШС, «Zhaik Electric» ЖШС, «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ, «Каспий плюс» ЖШС, «Saryopan Operating» ЖШС компаниялары қол қойды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz