Жаңалықтар

Кітапқа кезек азайды

Биыл Қарағандыда кітап жеткілікті. Енді облыстың ата-аналары кітап дүкендеріне кезекке тұрмайтын болды. Оқушылар 1 қыркүйекке дейін барлық қажетті әдебиеттерді тегін алады. Қарағандыға алғашқы болып «Атамұра» баспасының оқулықтары жеткізіліп, 10 тамыз күні мектептерге таратылды.,

Өткен жылы барлық мектеп оқушылары үшін оқулықтар бюджет қаражаты есебінен сатып алынған болатын. Оқушыларды кітаптармен қамтамасыз ету мақсатында қаржы бөлінген.

Қалалық білім бөлімі жалпы және орта білім беру секторының меңгерушісі Наталья Головинаның айтуынша, биыл 3, 6 және 8 сынып оқушылары білім берудің жаңартылған мазмұнына көшетіндіктен, олар үшін оқулықтар сатып алынады. Басқа сынып оқушылары мектеп кітапханасынан алады.

Айта кеткен жөн, мектеп кітапханаларында басқа сынып оқушыларына арналған оқулықтар жеткілікті. Егер, биыл мектептерде бала саны артатын болса, онда олар үшін оқулықтар басқа мектептерден әкелінетін болады. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушылары бюджет қаражаты есебінен жұмыс дәптерлерімен қамтамасыз етіледі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button