Жаңалықтар

Кенші еңбегі – елдің тірегі

Облыс әкімі Саран, Шахтинск, Абай қалаларының тұрғындарын Шахтерлер күнімен құттықтады. Ерлан ҚОШАНОВ осы қалаларда өткен мерекелік шараларға қатысты.

– Шахтерлер күні – біздің аймақ тұрғындары ең жақсы көретін мерекелердің бірі. Кеншілер – рухы мықты адамдар. Менің оған көзім жетті. Шахта мықтыларды таңдайды және рухы күштілер шахтаны таңдайды. Мен біздің аймақтың ғана емес, ел экономикасының өрлеуіне өлшеусіз үлес қосатын сіздердің ерен еңбектеріңізге алғыс айтқым келеді. Кеншілер дәстүрін жалғап, шахтерлер әулетінің негізі болып табылатын ардагерлерге жеке ризашылығымды білдіремін, – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Әр қалада аймақ басшысы өз сөзінде абаттандыру мен тұрғын үй құрылысына тоқталды. Саран қаласының тұрғындарына 80 пәтерлі жаңа үй пайдалануға берілетінін айтты. Бұдан бөлек, РТИ аумағында бос қалған апатты жағдайдағы үйлерді қайта қалыпқа келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанына тоқталды. Дубовка кентінде көп жылдан бері түйіні тарқатылмай тұрған сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілетінін айтты.

Абай қаласында сөйлеген сөзінде Ерлан Қошанов жаңа тұрғын үйдің құрылысы туралы тілге тиек етті. Сондай-ақ, 2019 жылы қаланың кәріз жүйесін жөндеуге және жаңғыртуға 4 млрд. теңге бөлінгенін атап өтті.

Шахтинск тұрғындарын облыс әкімі келесі жылға жоспарланған спорт сарайының құрылысы мен 64 пәтерлі үйдің салынатыны жөніндегі жаңалықпен қуантты. Бұдан бөлек, жас дәрігерлерге арналған 32 пәтер пайда лануға берілмек. Бұл қалада медициналық қызметкерлер тапшылығы мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік береді.

Бұл қалалардың тұрғындарын облыс әкімімен бірге «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының бас директоры Парамжит Калон құттықтады. Ол кеншілерге алғыс білдіріп, келесі жылы шахталарды жаңғыртуға бөлінетін қаражат көлемі ұлғаятынын жеткізді.

Тұрғындар алдында вокалды және хореографиялық ансамбльдер өнер көрсетті. Үш қалада да «АзияMix» КВН командасы әдемі әзілдерімен, ал, белгілі қазақстандық жас әнші Әли Оқапов әсем әндерімен көрермендер көңілін көтерді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button