Кәсіпкерлікті қолдау – дамуға бастау

      Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында бизнесті дамытуға баса назар аударды. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан, қадағалаушы органдар тарапынан қолдаулар көрсетілуін міндеттеді. Бүгінде Қарағанды облысында аталған мақсаттағы жұмыстар жандана түсуде. Осы орайда, өндіріс барысын бақылау шараларын жүргізуде жаңашыл механизмдер енгізілуде.

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызметіне сәйкес ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 90-бабы, 4-тармағына сәйкес, Санитариялық қағидаларда көзделген талаптарға сай өндірістік бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Өндірістік бақылау дегеніміз өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам денсаулығы мен қоршаған ортаға төндірілетін қауіпті жоюға бағытталған жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар тізбегі. Оның ішінде, зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені қамтылған.

Жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар өндірістік бақылаудың тиімді жүйесін әзірлейді, құжаттамалық ресімдейді, енгізеді және жұмыс жағдайында ұстайды. Өндірістік бақылауды қамтамасыз ету ұйымның басшысына жүктеледі.

Жүзеге асырылатын өндірістік бақылаудың уақтылығын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету басшының бұйрығымен тағайындалатын лауазымды тұлғаларға жүктеледі.

Өндірістік бақылауды жүзеге асыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру барысында өндірістік бақылау бағдарламасы әзірленеді. Өндірістің адамға және оның денсаулығына әсер етуін бағалау мақсатында жұмыс орындарында, өнеркәсіптік алаң аумағында іске асырылады. Шикізатты, жартылай фабрикаттарды, қаптамалау материалдарын, тамақ өнімдерімен және сумен жанасатын бұйымдарды, тарату желісіне, тарату желісінен, резервуарлардан түсу алдында сумен жабдықтау көзінен алынатын ауыз судың қауіпсіздігін, дайын өнімді және оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, жинау, кәдеге жарату, жоюдың технологиялық процесі барысында гигиеналық талаптардың сақталуын, сондай-ақ, бақылаудың қажетті дәйектілігін және толықтығын қамтамасыз ететін өлшеу құралдарын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бекітілген Міндетті медициналық тексеруді өткізу қағидаларына сәйкес, медициналық тексеруден және Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларына және Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту бағдарламаларына сәйкес гигиеналық оқытудан өтудің уақытылығын және толықтығын бақылау, сондай-ақ, жеке медициналық кітапшаларды есепке алу шаралары өндірістік бақылау жұмыстары шеңберіне енгізілген. Өнімнің (оның ішінде келіп түсетін шикізаттың, қаптамалау материалдарының, тамақ өнімдерімен жанасатын бұйымдардың) қауіпсіздігі мен сәйкестігін растайтын құжаттардың бар болуын, құжаттардың (мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің, сәйкестік туралы декларациялардың, сертификаттардың, ветеринариялық құжаттардың), сондай-ақ, рұқсат беру құжаттарының (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе қызметтің басталуы туралы хабарламаның қабылданғаны туралы талон) қолданылу мерзімдерін бақылайды.

Тәуекел факторларын бағалау, анықталған қауіп-қатерді, өндірістік және қоршаған орта факторларының қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы өлшемшарттарын талдау және қауіп-қатерді басқаруды қамтамасыз ету үшін бақылаудың сыни нүктелерін айқындай отырып, процестердің (пайдалану, жинау, тасымалдау, сақтау, залалсыздандыру, кәдеге жарату, қайта өңдеу, көму), жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау әдістерін айқындау жұмыстарын жүргізеді.

Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға байланысты құжаттаманы есепке алу және есептілігін жүргізу өндірістік бақылау аясында атқаралыпы, құжаттарды сақтау мерзімдері кемінде үш жылға созылады. Халықты, жергілікті атқарушы органдарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарын апатты жағдайлар, өндірістің тоқтауы, технологиялық процестердің бұзылулары, объектінің қызметіне байланысты, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қатер төндіретін жаппай (3 және одан көп жағдайлар) инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулардың пайда болу жағдайлары туралы хабардар ету схемасын әзірлейді. Сондай-ақ, өндірістік бақылау бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуын, технологиялық процестер барысында гигиеналық талаптардың сақталуын, микробиологиялық, химиялық, токсикологиялық, вирусологиялық, радиологиялық, биологиялық қауіп-қатерлер мен бөтен қосылыстарды жою мен азайтудың уақытылығын бақылап, қадағалайды. Бақылау барысында іс-шараларды түзету және анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған шараларды іске асыру жүргізіледі.

Өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеуді ұйым өз бетінше немесе санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын адамдарды тарта отырып жүзеге асырады.

Әзірленген өндірістік бақылау бағдарламасы қызмет түрі өзгерген, технологиялық процеске, тамақ өнімінің рецептурасына өзгерістер енгізілген, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығына әсер ететін және (немесе) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қатер төндіретін басқа да өзгерістер кезінде қайта қаралады.

Аспаптық және зертханалық зерттеулерді дара кәсіпкер, заңды тұлға өндірістік зертхана базасында немесе Кодекстің 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес берілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар зертхананы (сынақ орталықтарын) тарта отырып жүзеге асырады.

Өндірістік бақылауды жүргізу үшін сынама алуды және жеткізуді зертхананың (сынақ орталығының) маманы немесе объектінің оқытылған персоналы орындайды.

Өндірістік бақылау бағдарламасы еркін нысанда жасалады және жүзеге асырылатын қызметіне сәйкес нормалау құжаттарының және нормативтік техникалық құжаттардың (мемлекеттік стандарттар, тіршілік ету ортасы факторларын бақылау әдістемелері мен әдістері) тізбесін, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бекітетін кәсіпорында (объектіде) өндірістік бақылаудың жүргізілуін бақылау бойынша функциялар жүктелген лауазымды тұлғалар (жұмыскерлер) тізбесін, медициналық қарап тексеруге, гигиеналық даярлыққа және аттестаттауға жататын жұмыскерлер лауазымдарының тізбесін, жеке кәсіпкер және заңды тұлға жүзеге асыратын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің, шығарылатын өнімдердің, сондай-ақ, адам үшін әлеуетті қауіп-қатер төндіретін және өндірістік бақылауға жататын қызмет түрлерінің тізбесін, химиялық заттардың, биологиялық, физикалық және өзге де қауіпті факторлардың, адам мен оның тіршілік ету ортасы үшін әлеуетті қауіп-қатер төндіретін өндірістік бақылау объектілерінің тізбесін, зертханалық зерттеу жүргізу үшін сынамалар (өлшеулер) алу жүзеге асырылатын бақылау нүктелерін және сынама алу (зертханалық зерттеулер және сынақтар жүргізу) мерзімділігін көрсете отырып, оларға қатысты зертханалық зерттеулер мен өлшеулерді ұйымдастыру қажет бақылау нүктелерінің (бақылаудың сыни нүктелерінің) тізбесін қамтиды.

Осы Қағидалардың 5-тарауына сәйкес, халықты, жергілікті атқарушы органдарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарын авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, технологиялық процестердің бұзылулары, объектінің қызметіне байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қатер төндіретін жаппай (3 және одан көп жағдайлар) инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулардың пайда болу жағдайлары туралы хабардар ету схемалары қарастырылады.

Өндірістік бақылау бағдарламасы нормалау құжаттары талаптарының сақталуын тиімді бақылауды жүзеге асыру үшін жүргізу қажет өзге де іс-шараларды қамтиды. Өндірістік бақылаудың мақсаты объектіде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарында белгіленген талаптардың сақталуына өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жолымен өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.

А.АХМЕТБЕКОВ,

Қарағанды қаласы

Қазыбек би ауданының

тұтынушылар

құқықтарын қорғау

басқармасы басшысының

орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.