Жаңалықтар

Кәсіпкерге – зор мүмкіндік

Облысымызда республика бойынша алғаш рет сатып алушылар клубы құрылды.

Аймағымызда кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алулар бойынша өз білімдерін арттыра алады. Бұл бағытта оларға аймақтық Кәсіпкерлер палатасы көмектеседі. Палата алаңында сатып алушылар клубы өз жұмысын бастады. Бұл – республика бойынша алғашқы бірлестік.

Клуб мүшелерінің алғашқы кездесуі өтті. Оның барысында кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алулар веб-порталының кезеңдік нұсқаулықтары берілді. Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Бәйкен Өміртаев порталдың қалай жұмыс жасайтынын көрсетті. Спикер мемлекеттік сатып алуларды қалай жасауға болатынын, осы саладағы мониторингтер, камералық бақылауды өткізудің ерекшеліктері жайлы баяндады. Клубтың келесі кездесулеріне тәжірибелі сарапшыларды шақыру жоспарлануда. Олар қатысушыларға тендердің ерекшеліктері жайлы түсіндірмек.

Ұйымдастырушылар ендігі жиында пікірталастар мен іскерлік ойындар өткізуді уәде етті. Клубқа кіру тегін. Кездесу айына бір рет өткізіліп тұрады.

Қасымхан ҒАЛЫМ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button