Көрме

Көрме көркі – ел айнасы

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында суретші Игорь БАГРАМОВТЫҢ жеке көрмесі ашылды. Ол мерейтойлық көрмесін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап, «Менің Қазақстаным» деп атаған.

Негізгі білімі бойынша Баграмов театр суретшісі, бірақ бүгінде ол мүсінші, график, акварель және суретші ретінде жұртқа танылған тұлға. Оның көп тақырыпты туындылары түрлі көзқарастағы көрермендерді бей-жай қалдырмайтындығы сөзсіз.

– Көрермен көзі, сараптаушы қауымның сыны суретші туындысының мазмұнын ашады. Аталмыш туындылар Қазақстан мәдениетін, әдет-ғұрпы мен ұлттық тағамдарын және осында тұратын адамдар және олардың бірегей ұлттық колориті туралы әңгімелеп тұрғандай. Бұл көрмеге суретшінің 80 туындысы қойылды. Бұл – Елбасы, Абай, Нұрмақов және басқа да көрнекті қайраткерлердің портреттері. Сондай-ақ, акварель миниатюралары, натюрморттар мен пейзаждар, – дейді бейнелеу өнері мұражайының экскурсиялық-бұқаралық бөлімінің басшысы Снежана Черкаева.

Автордың туындылары қойылған көрме 7 қарашаға дейін жалғаспақ.

Басқа материалдар

Back to top button