Ірімшік жасауды тегін үйрен

Қарағанды қаласында Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының қызметтері аясында 2023 жылдың 25 қыркүйегінде ірімшік жасау бойынша оқыту курсы басталады, оған 19 әйел қатысады. Оқыту  «Milk House» ЖК базасында тегін жүргізіледі.

Биылғы жылы Қарағанды ​​облысында кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында кемінде 120 әйелді түрлі бағытта оқыту жоспарланған.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына кәсіпкер әйелдер өз ісін жаңадан бастағандарды ынталандыру, жұмыс істеп тұрған кәсіп­орындардың экономикалық белсенділігін арттыру, сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен іс-шараларға қатысу бойынша бірқатар қызметтерді ұсынады.

Қызметтер туралы толығырақ мына мекенжайдан біле аласыз­дар: Қарағанды ​​қаласы, Ермеков көшесі 29, 1 қабат.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.