Интернационалист-жауынгерлер көшесіндегі жол учаскесі 4 күнге жабылады
«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС компаниясы жылу беру маусымына қызу дайындық үстінде. Сол себептен Интернационалист-жауынгерлер көшесіндегі жол учаскесін 20 қыркүйектен бастап жылу желісіндегі ақауларды жою мақсатында жабуға мәжбүр.
– 20 қыркүйекте Комиссаров көшесі мен Интернационалист-жауынгерлер көшесі қиылысынан мемлекеттік мұрағат ғимаратының қиылысына дейін жол учаскесінің бөлігі жабылады, – деп хабарлайды «Теплотранзит Қарағанды» компаниясы.
Жылу магистраліндегі ақауды жою 23 қыркүйекке дейін жалғасады. Компания уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін қарағандылықтардан кешірім сұрайды.
Көлік қозғалысы кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz