Халық сенімін нығайтқан жоба

Кез келген жанға көмек көрсетіп, қол ұшын созу, шешілмей тұрған мәселелерге ықпалдасу – прокуратураның басты міндеті. Осыған орай, облыс прокуратурасының бастамасымен Жаңаарқа ауданында «Халық сенімі» жобасы әзірленді.

Аталған жоба әлеуметтік, материалдық, медициналық көмектер көрсету, тұрғындарды жұмысқа орналастыру, тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тіркеуге тұруға көмектесу, кәсіпкер­лікті дамыту мүмкіндіктерін кеңейту, түсіндірме жұмыстар жүргізіп, бағыт беру, қылмыстық құқық­бұзу­шылықтардың алдын алу, профилактикалық шаралар және тағы басқа бірқатар міндеттерді қамтиды.

«Халық сенімі» жобасын іске асыру аясында аудан прокуратурасында жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының жетекшісі ретінде аудан әкімінің орынбасары Қ.Қожықаев бекітілді. Ал, топ құрамына аудан прокуратурасы, бірнеше аудандық бөлімдер, аудандық орталық аурухана, мешіт, халықты жұмыспен қамту орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы; Жезқазған аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасы, жергілікті полиция қызметі және аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері енгізілді.

Жұмыс тобы алты бағыт бо­­йынша жұмыс істейді. Яғни, ауқым­ды түсіндірме жұмыстарын жүргізу, бизнесті дамыту, әлеуметтік көмек көрсету, дін, медиа ілеспе, теракт қаупінің алдын алуға дайындық мәселелерін қам­тиды. Аудан бойынша проблемалық мәселелердің тізімі құрылып, оларды шешілу жолдары қарастырылады.

Осы жобаны жүзеге асыру үшін аудан прокуратурасы тарапынан жұмыс тобының жетекшісіне бірқатар тапсырмалар берілді. Тиісті бақылауды аудан прокуратурасы жүргізеді.

«Халық сенімі» жобасының нәтижесі бұқаралық ақпарат құралдарына қосымша хабарланады. Сонымен қатар, «Халық сенімі» жобасы аясында аудан прокуроры Асылхан Әділханов және аудан прокуратурасының аға прокуроры Рахымғазы Кенжетаев жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30 аралығында аудан тұрғындарын қабылдайды. Шешілмей тұрған проблемалық мәселелер бойынша аудан прокуратурасына қабылдауға келуге немесе сенім телефондарына хабарласуға болады.

Д.ОМАРОВА,

Жаңаарқа ауданы

прокуратурасының

прокуроры.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.