Жаңалықтар

Головкин ешкім күтпеген шындықты айтты

Орта салмақта WBC/WBA/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль “Канело” Альвареске қарсы екінші кездесуі өтпейтіні белгілі болғаннан кейін 5 мамырдағы жекпе-жекті өткізуден неліктен бас тартпағанын түсіндірді, деп хабарлады Sports.kz.

GGG мексикалықтың орнына америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен кездесіп, екінші раундта нокаутқа түсірді.

“Канело” допинг тестен өте алмауына байланысты 5 мамырдағы жекпе-жекке жіберілмейтіні түсінікті болған кезде, мен Синко де Майо мерекесіне белгіленген жекпе-жекті сақтап қалуға күш салдым. Синко де Майо — бұл бокс үшін өте маңызды дата, бұл бокс мерекесі. Жанкүйерлерді дымсыз қалдырғым келмеді. Сондай-ақ белсенді болып қалғым келді. Мексика мерекесіндегі бокс кешінің хедлайнері болған маған ұнайды. Бұл менің жанкүйерлерімді көбейтеді”, — деді әлем чемпионы.

  Геннадий Головкин “Канело” мен оның промоутері 5 мамырға белгіленген жекпе-жектің өткенін қаламағанын атап өтті, өйткені соның кесірінен рематч өтпей қалады деп алаңдаған. 

“Көптеген адам Синко Де Майодағы жекпе-жегіме кедергі келтіруге тырысты. Алайда олардың қалауы мені уайымдатқан жоқ. Мен үшін, фанаттар үшін және тұтас бокс үшін бұл датадағы жекпе-жекті сақтап қалу маңызды болды. Бұл менің шешімім еді. Жанкүйерлер оны асыға күтті”, — деп толықтырды ол. 

“Мен үшін фанаттарға қызықты жекпе-жек сыйлау маңызды. Сондықтан Абель Санчес үйреткен мексикалық стилде жұдырықтасамын. Әуесқой бокста жүргенімде әлем чемпионы болуды армандадым. Арманыма жету үшін көп тер төктім, одан бас тартуға дайын емеспін. Сол себепті Синко де Майода жұдырықтасу мен үшін маңызды. Маған әлем чемпионы болу ұнайды. Титулдарымды қорғағым келеді. Сондықтан 15 қыркүйекте және одан кейін де әлем чемпионы болып қалу үшін тыңғылықты дайындалып жатырмын, — деп түйіндеді Головкин. 

Дереккөз:  sputniknews.kz 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button