Басты тақырыпРесми

Газоблок зауыты іске қосылды

      Астана күні өндірісті өңір үшін жағымды жаңалықпен есте қалады. Кеше Теміртау қаласының іргесінен «КазГазоБлок» ЖШС автоклавты қатаюдан өткен газоблок өңдеп шығаратын зауыт жұмысын бастады.  Жаңа кәсіпорынды аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ, «КазГазоБлок» ЖШС акционері Болат ӘБІЛОВ арнайы келіп іске қосты.

 

– Бүгінгі күн біз үшін IMG_9608маңызды. Өңірдің әл-ауқатын арттыратын құрылыс материалдарын шығаратын зауыттың жұмысын іске қосамыз. Облысымызда апта сайын бір зауыттың іргетасы қаланып немесе іске қосылуда. Елбасымыздың: «Құрылыс саласы ел экономикасының қозғаушы күшіне айналуы керек деген» сөзі бар. Бүгін Елбасы тапсырмасы орындалысының нақты көрінісін көріп отырмыз. Зауытқа 1,5 млрд. теңге инвестиция салынып, 70 адам жұмыспен қамтылды. Ендігі уақытта аймағымызда құрылыс саласы жанданатын болады. Осындай игі істі бастап, туған жерге туын тігіп жатқан Болат Мұқышұлына ризашылығымыз шексіз. Жұмысына жеміс тілеймін, – деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Рустам Ақбердин, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Оралбай Әбдікәрімов өз тілегін жеткізді. Сөз алған «КазГазоБлок» ЖШС акционері Болат Мұқышұлы:

–Газоблок – қазіргі заманғы әмбебап құрылыс материалы. Бүтіндей бір ірі кешенді құрылыстың міндетін тиімді, сәтті шешеді. Газобетонды блоктар түрлі өлшемдегі ғимараттарды салуға қолайлы. Біздің өнім Қазақстандағы ең сапалы өнім болады. Оның ішінде, Теміртаудың құмындағы кварцтың үлесі шамамен 70 пайыз. Зауыт жылына 150 мың текше метрден аса газоблок шығаруға қауқарлы,–деді.

Компанияның құрылтайшысы Еркебұлан Ахметовтің айтуынша, автоклавты қатаюдан өткен газоблок өте төзімді, әрі отырыс бермейді, бірыңғай құрылымды болып, құрылыстың түрлі нысандарына қолдануға ыңғайлы, әрі дыбыс жұтылымы мен жылусақтағыштық қасиеті де жоғары көрінеді. Газоблоктың ұзаққа төзімділігі кәдімгі кірпіштің пайдалану мерзімімен бірдей. Өнімнің сапасына  80 жылға дейін кепілдік беріледі екен. Бүгіннің өзінде Қарағанды облысындағы және Астанадағы құрылыс компаниялары келіссөз жүргізіп үлгеріпті.

Мұндай кәсіпорындардың іске қосылуы әлі де жалғасын таппақ.

Нұрдос КӘРІМ.

Суретті түсірген

Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button