Медицина

Ерекше балаға – ерекше қолдау

Балқаш қаласында жаңа психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсетілетін орталықта қызметтер тегін.

Орталықта сондай-ақ, әсіресе, көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, ой-өріс және эмоционалды-коммуникативті дамуы бұзылған балаларға көмек беріледі.

– Ерекше балалар қоғам назарында. Елімізде ерекше қажеттілігі бар балаларға үлкен қолдау, айрықша көмек көрсетіліп жатыр. Ел Президенті Үкіметке бұл санаттағы балаларға ерекше қамқорлық көрсетуді, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға көңіл бөлуді тапсырды.
Орталықта курсқа бір айналымда 30 баланы қабылдай аламыз. Курс үш айдан алты айға дейін созылады. Ұзақтығы баланың қажеттілігіне және оның диагнозына байланысты, – дейді Балқаш психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің басшысы Мәриям Жүнісова.

Ерекше балалармен дефектолог, логопед, сурдопедагог, тифлопедагог, психолог, әлеуметтік педагог, емдік жаттығу және ырғақ терапиясы мұғалімдері жұмыс істейді. Олар балаларды туғаннан 18 жасқа дейін қабылдайды. Кабинетте келушілердің барлық санаттары үшін кедергісіз орта құрылған.

Тегін сабақтарға жазылу үшін ПМПК қорытындысы бар анықтама және ата-аналардың өтініші қажет. Бұл құжаттарды https://malahit24.kz сайтында онлайн тапсыруға немесе Балқаш қаласы, Жүніс Әбуғалиев көшесі, 2-ғимарат мекенжайы бойынша кабинетке әкелуге болады.

Аяулым СОВЕТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button