Облыс әкімі

Эпизоотиялық ахуал қалыпты

Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ аймақтағы эпизоотиялық жағдай бойынша кеңес өткізді. Аймақ басшысы денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, ветеринариялық инспекция басшыларының есебін тыңдады.

Балқаш пен Үшарал қыстағында күйдіргі дертінің тіркелуіне орай дәрігерлер үй-үйді аралап, 6 мыңға жуық адамды тексерістен өткізді.Анықталған деректер бойынша алдын алу ем шаралары жасалды. Медициналық мекемелер және ветеринарлық қызметтер жоспардан тыс тексерілді. Ақтоғай ауданының прокуратурасы об­лыстық аумақтық инспекциямен бірлесе, «Ақтоғай аудандық ветеринария стансасы» КММ-не тексеріс жүргізуде.

Сонымен қатар, ветеринария басқармасының басшысы Бауыржан Асанов облыста күйдіргімен өлген малды көмген жерлерді анықтау үшін аумақты тексеру жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеп отыр. Соның нәтижесінде, күйдіргі індетінен өлген малды көмген 51 жер белгілі болған. Оларға қоршау қойылып, арнайы анықтаушы белгі де орнатылған екен. Анықталған жерлерді талаптарға сәйкес ету үшін аудандар бюджетінен 18,3 млн.теңге бөлінген.

Ветеринарлық бақылаудың облыстық аумақтық инспекциясы тарапынан барлық мал иелері күйдіргіні таратпау және алдын алу хақында хабардар етілген. Індеттің тіркелуіне байланысты қызметтік тексеріс жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтоғай аудандық инспекциясы басшысына қызметіне толық сәйкессіздік жария етіліп, бас маманға қатаң сөгіс берілген.

Отырысты қорытқан облыс әкімі мемлекеттік ұйым басшыларына нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, Қарағанды облысындағы эпизоотиялық жағдайды бақылау шараларын ұдайы күшейтуді жүктеді. Аймақта мал сою бекеттерінің жұмыстарына, мал өнімдерінің қалдығын жою, мал көметін жерлерді ұстау мен пайдалануға қадағалау күшейеді. Ветеринарларға малдарды 100 пайыз тіркеп, мәліметтер базасына кіргізу міндеті жүктелді. Аймақта, облыстан тыс өңірлерге малды заңсыз алып жүруге және мал етін ветеринарлық құжаттарсыз тасымалдауға тыйым салынады.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button