Президент

ЕЛБАСЫ және ТЕМІРТАУ

      «Теміртау жүрегінде оты бар жастарды шақырады» деп, ұран тасталған күннен бастап, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп, отына күйіп, бар қиындығын жанымен сезінген, көзінде от ойнаған, жүрегінде жалыны бар жастың кейінде ел тізгінін қолына алатыны даусыз еді. Себебі – басыңнан өткеріп, жаныңмен сезіне алғанда ғана ұтымды шешім қабылдап, соңынан ерген халықты дұрыс жолға бастай алмақсың…

01

Алапат ыстық пен ауыр еңбекке шыдамағандар да болды, әрине. «Домна» пешін алғаш іске қосты, қиындыққа шыдауға ант берді, антында тұрды. Теміртау ғана емес, Қазақстанды әлем елдеріне танытты. Отқа оранып жүріп, көз жасын көлдей қылып, елге оралуын өтінген әке сөзіне да қарамастан, сөзіне беріктігін танытып, осы жерде қалды. Теміртау – Елбасының қадамына батасын берген қала. Жайдан-жай бере салған жоқ. Қаланың да өзіндік жаны бар  болса, жақсылыққа жақсылық ретінде жасаған еңбегіне алған өтеуі сол болды. Асқан жігер, күш, ақылдылық пен болашақты болжай білетіндігінің арқасында әлем елдерін мойындатты. Қазақтың беделін асқақтатты. Мұның барлығы Теміртаудан бастау алды. Отқа қақталды, еңбектің дәмін татып, әбден шыңдалды.

Елбасы мен Теміртауды бөліп қарай алмасымыз анық. Бірі – тұңғыш Президентіміз. Бірі – қазақ елінің қазіргі гүлденуі мен өркендеуіне серпін берген қала.

«Теміртау – мен үшін алтын бесік. Магнитканың тарихы, Теміртаудың тарихы, оның адамдарының тағдыры менің тағдырыммен ажыратылмас. Егер менің өмірімде Теміртау болмаса, мен ешқашан Президент болмас едім…» деп еске алады Елбасымыз Н.Назарбаев. Бұл – ақиқат. Осы жерде алғаш көшбасшылық қабілетімен танылып, халықты соңынан ерте алатынын көрсетті.  Елінің тірегі бола алатынын дәлелдеді.

Астана – елдің жүрегі болса, Теміртау – осы жүрекке қан жүгірткен Елбасының жебеушісіне айналды.

Салтанат ИЛЬЯШОВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button