Ел құрметі

   Елімізге танымал ұстаз Қайып ШӘЙМЕНОВТІҢ туғанына 90 жыл толуына орай Нұра ауданындағы Шахтер ауылында «Көзден кетсе де, көңілден кетпес есім» атты еске алу кеші өтті.

Кешке арнайы келген қонақтарды ауыл тұрғындары ыстық ықыласпен қарсы алды. Мәртебелі меймандар қатарында мемлекет және қоғам қайраткері, Нұра ауданының Құрметті азаматы О.Әбдікәрімов, белгілі жерлесіміз Д.Құсайынов, аудан әкімі Н.Омарханов және марқұмның туған-туыстары мен балалары болды.

Өз сөзінде аудан әкімі білім саласында аянбай тер төгіп, еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан ұстаздарға ризашылығын біл­дірді. Қайраткер О.Әбдікәрімов жү­рекжарды лебізін жеткізді.

«Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, сендер қайда жүрсеңдер де, туған ауылымыз сынды келешегi кемел, өрiсi кең құшақтан шыққандарыңды ұмытпай, туған жер, өскен орталарыңды мақтан етуге тиiссiңдер. Қасиетті Қара Нұраның мәрте­бесiн арттыратын сендерсiңдер! Ел ертеңі – ақылына білімі сай жастар – сендерсіңдер, жас түлектер!» – деді түлектерге арнаған сөзінде.

Салтанатты шарада ауыл тұрғындары, ұстаздары ақжарма тілегін білдіріп, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Сүлеймен САТЫБАЛДИН,

аудан әкімінің баспасөз

хатшысы.

НҰРА ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.