Жаңалықтар

Еңселі ерді еске алды

Жәйрем кентінде өндіріс ісінің майталманы, Сәтбаев және Қаражал қалаларының Құрметті азаматы, Жәйрем тау-кен байыту комбинатының іргесі қаланып, нығаюы мен кент келбетінің келісті түрге енуіне өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлға, ақын Садық АСАТОВТЫҢ туғанына 85 жыл толуына орай еске алу шаралары өткізілді.

Танымал тұлға рухына тағзым етушілер Садық Асатовтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнату рәсіміне қатысып, есімі ел есінде қалған біртуар азамат атындағы шахмат турнирін тамашалады. Мәдени-сауық орталығында өткен алқалы жиында мағыналы ғұмыр кешкен қайраткердің атына айтылған құлаққа аса жағымды естелік мазмұнындағы жылы лебіздер жұртшылықтың жанын жадыратып, тұлғатану дәрісі іспетті әсер қалдырды. Арнайы әзірленіп, бұқара назарына ұсынылған тақырыптық көрме де тартымдылығымен ерекшеленді.

Еңселі ерді еске алу шараларын Жәйрем тау-кен байыту комбинатының нақты қолдауына сүйене отырып, «Қазақмыс» корпорациясының ардагерлер кеңесі мен осы компания жанындағы Қ.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейі ұйымдастырды.

Ахат Құрмансейітов,

“Орталық Қазақстан”

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button