Жаңалықтар

«Еңбек жолы» байқауы басталды

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының идеясын ілгерілету мақсатында «Еңбек жолы» конкурсын өткізудің басталғаны туралы хабарлаймыз.

Сурет egemen.kz

Конкурс екі кезеңнен (өңірлік және республикалық) тұрады.

Облыстық комиссия «Еңбек Жолы» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздары қатарынан ағымдағы жылдың 25 шілдесіне дейін айқындайды.

2-кезең республикалық деңгейде қазан айында өткізіледі, онда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың айқындалған жеңімпаздары арасында қорытындылар шығарылады және жеңімпаздар марапатталады

Байқау 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» – ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп наградалары бар әулет таңдалады;

2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады;

3) «Өндірістің үздік жас қызметкері» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асырылады (қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері).

Конкурс туралы толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 43-20-82, (Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы) немесе Қарағанды облысының қалалары мен аудандары әкімдері аппараттарының сайттарында нақтылауға болады. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 4 қабат, 406 кабинет, эл.пошта: sots-otdel@mail.ru

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button