Ақтоғай

Ақтоғайда «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті

Ақтоғай аудандық Жастар ресурстық орталығының «Жасыл ел» еңбек жасақтары «Таза Қазақстан» акциясы аясында Тоқырауын өзені бойындағы демалыс орындарын тазартты. Бұл шара «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Ақтоғай шаруашылығы» мекемесінің көмегімен  жүзеге асты.  

Сурет ұйымдастырушылардан

Акция барысында өзен жағалауы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Жастар демалыс аймақтарының санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосты.

Ұйымдастырушылар мұндай экологиялық шаралар табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button