Ресми

Ең бастысы – халық сенімін ақтау

Иә, екі айға созылған бұл сайлау кампаниясында интрига аз болды. Кім жеңетінін қоғам жақсы түсінді. Дегенмен, сайлаудың өз ерекшеліктері де болғанын көрдік. Әрбір кандидаттың өз бағыты, электораты бар. Есімі мен жілік шаққаны біраз талқыға түскен Жигули Дайрабаевтың жақтастары өз партиясына сай ауыл тұрғындары болды. Оған дауыс берген 3,42 пайыз сайлаушыларға оның ұсынған бағдарламасы ұнаған шығар, мүмкін «ауылдан шыққан» имиджі ұнады ма?! Иә, екі айға созылған бұл сайлау кампаниясында интрига аз болды. Кім жеңетінін қоғам жақсы түсінді. Дегенмен, сайлаудың өз ерекшеліктері де болғанын көрдік. Әрбір кандидаттың өз бағыты, электораты бар. Есімі мен жілік шаққаны біраз талқыға түскен Жигули Дайрабаевтың жақтастары өз партиясына сай ауыл тұрғындары болды. Оған дауыс берген 3,42 пайыз сайлаушыларға оның ұсынған бағдарламасы ұнаған шығар, мүмкін «ауылдан шыққан» имиджі ұнады ма?!

Осы жолғы сайлауға гендерлік теңдікті іздейтін электораттың өкпесі жоқ шығар. Әйелдер қауымының өкілдері Салтанат Тұрсынбекова мен Қарақат Әбден 168 мың және 206 мың дауыс жинады. Тұрсынбекованың бағдарламасы кеңірек және ақпараттық қолдауы күштірек болғанымен, дәстүрлі құндылықтарды ұстанған Әбденге дауыс бергендер көбірек болды. Бұл қазіргі біздің қоғамның әлеуметтік құрылымын бейнелейді.

Мейрам Қажыкенге дауыс берген 200 мыңнан артық сайлаушы қатарында кәсіподақ қозғалысы мен интеллигенция өкілдері көбірек болуы мүмкін.

Өздерін оппозиция деп атайтын ЖСДП өкілі Нұрлан Әуесбаев электораты ресми билікке наразы топ пен партияның жақтастары екені түсінікті. Олардың саны 176 мыңнан асады.

Бұл кандидаттар басты орынға таласта Қасым-Жомарт Тоқаевпен ешқандай бәсекеге үміт арта алмайтынын түсініп, екінші орынға таласты және бір-бірімен кішігірім тайталасқа түсті. Мысалға, дебаттар кезінде Тұрсынбекова-Қажыкен, Дайрабаев-Әбден арасындағы текетіресті байқадық. Мұны толыққанды саяси бәсекелестік деп айтуға болмас, дегенмен, белгілі бір драма орын алды.

Кәдімгі бәсекелестіктің болмауына бірнеше фактор әсер етті деп айтуға болады. Бұл, алдымен, қоғамдық-саяси кеңістікте лайықты тұлғалардың болмауы. Наразы топ үміт артқан оппозиция ортақ кандидат ұсыну түгілі, бір-бірімен тіл табыса алған жоқ. Саяси жүйенің дамуына сөзсіз қажет конструктивті оппозиция қалыптаспауы да саяси кеңістіктегі дағдарысты байқатады. Сонымен бірге, саяси технологиялардың енді ғана «тіріліп» келе жатқанын да ескеру қажет. Дегенмен де, сайлауға түскен кандидаттар бұл науқанда саяси кеңістікте өздерін жариялауға және көрсетуге мүмкіндік алды. Мүмкін өздері партия құрар, мүмкін кейбіреуі депутаттыққа түсер.

Орталық сайлау комиссиясы жариялаған ресми нәтижелерге сәйкес, Қ.Тоқаевқа 6 миллион 456 мыңнан астам азамат өз дауысын беріп, сенім көрсетті. Өткен 2019 жылғы сайлауда ол 70,96 пайыз жинаса, осы жылы 81,31 пайыз дауыс жинады. Бұл – нақты қорытынды.

Бұл сайлауда басты кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев командасы жүргізген сайлауалды кампаниясының келесі ерекшеліктеріне тоқталуға болады:

– Ауқымды бағдарлама ұсынылды. Бағдарламада саяси реформалардан бастап, өңірлердің дамуына дейін егжей-тегжейлі 7 жылға жоспар жасалды. «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты бағдарлама атауының өзі барлық қоғамға және әрбір азаматқа арналғанын байқауға болады. Кандидат өз электоратының сұранысына сәйкес келетін бағдарлама ұсынды. Қ.Тоқаев: «Енді әділеттілік идеясы біздің мемлекеттік саясатымыздың ең маңызды ұстанымына айналады… Біздің басты байлығымыз бен бәсекелес басымдығымыз – адам. Сондықтан, біз «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» формуласын берік ұстанамыз» деп атап өткен болатын. Енді осы жоспарларды іске асыру міндеті тұр. Бұл – 7 жылға арналған үлкен және маңызды жұмыс;

– Кандидаттың төңірегіне әртүрлі ауқымдағы саяси күштер топтаса алды. Парламенттік партиялардан бастап, басқа да қоғамдық ұйымдар «Халықтық коалиция» құрамында кең ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Республикалық қоғамдық штаб пен аймақтық штаб өкілдері қоғамның әртүрлі топтарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаны тәптіштеп түсіндірді;

– Тоқаев командасы бұл сайлау кампаниясында үгіт-насихат құралдарын әзірлегенде екі нәрсеге ерекше акцент жасады. Ол біріктіруші символ жалау және кандидаттың есімі. Бұл бұрын біздегі сайлау кампанияларында болмаған креативті және заманауи қадам. Ерекшелік фотосуреттерінің болмауы және кандидаттың аты-жөнін визуализациялау арқылы орналастыру болып табылды. 

Сайлау нәтижесі арқылы Қ.Тоқаев реформаны одан әрі жалғастыруға сенім мандатына ие болды. Саясатта, экономикада және әлеуметтік салада әділеттік идеясын іске асыру – үлкен шаруа. Саясатқа еркіндік, экономикаға даму, әлеуметтік салаға әділеттілік қажет. Осыны іске асыру – сайлаушылардың талабы. Ең бастысы – халық сенімін ақтау.

Сонымен бірге, осы жолғы сайлау бюллетенінде ұзақ уақыттан бері алғаш рет «барлығына қарсы» бағанының пайда болуы азаматтар арасындағы наразылық көңіл күйді байқауға мүмкіндік берді. Бұл мүмкіндікті сайлауға қатысқан азаматтардың 5,80 пайызы ғана қолданды. Сайлаушылардың бір ғана пікірде болуы мүмкін емес. Плюрализм қажет. Әртүрлі пікір, бір мүдде біздің қоғамды алға дамытады. Мүмкін бұл наразылық пікір болашақта құрылатын партиялардың электораты болуы әбден мүмкін.

Сайлау аяқталды. Енді сайлауда берілген уәделер мен жоспарларды орындау қалды. Осы жоспарлар орындалса еліміз өркендеген, экономика мен әлеуметтік саясат әділетті орнаған қоғамда өмір сүреміз бе деген үміт бар.

Елдос ЖҰМАҒҰЛОВ, саясаттанушы

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button