Жаңалықтар

Диализ дерт емес

«Diaverum» компаниясы Қазақстан аумағында 2015 жылдан бері жұмысын істеп келеді. Қазіргі таңда ол – нефрология және гемодиализ саласындағы ең үздік медициналық клиника. Негізгі бағыты – бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын жандарға қол ұшын беру.

Диализ – ағзадан бүйрек шығара алмайтын қалдықтар мен сұйықтықтарды шығару процесі. Диализ қан құрамындағы әртүрлі улы заттардың теңгерімін түзете отырып, қалыпты жағдайды қолдауға бағытталған.

Диаверум атауында екі басты мағына бар. «Диа» – диализ, «Верум» – латынша «шынайы». Бүйрек ауруын емдеуге бағытталған ең негізгі шараның компания мамандарының тарапынан сапалы әрі шынайы атқарылатынын білдіреді. Мұндағы әр қызметкер емделушілердің өмір сүру сапасын жақсартуды басты міндеті деп біледі.

Диаверум халықаралық компаниясы бұрынғы GambroHealthcare атауымен алғашқы диализ клиникасын құрған кезден бастап осы бағытта 20 жылдық тәжірибесі бар. 22 мемлекетте оның 365 медициналық орталығы бар. Соның ішінде, Қазақстанда 24 клиника жұмыс істеп тұр. Оларда тұрақты түрде көмек алатын қазақстандықтардың саны 1300-ден асады.

Өкінішке қарай, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі қазір жиі кездесетін дертке айналды. Қазіргі уақытта бұл ауруға шалдыққан науқастардың саны жыл сайын 10-12%-ға ұзарып келеді. Халықаралық стандарттарға сай жабдықталған медициналық орталық әр емделушіге сапалы көмек көрсете алатынына күмән жоқ. Диализдің дерт емес, өмір салты екенін ұмытпау керек. Науқас адамның өмір салтын жақсарту үшін көмек үздіксіз көрсетіледі.

Ақнұр АБДРАХМАНОВА,

Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 4-курс студенті.

Басқа материалдар

Back to top button