Іле-Балқашқа алғашқы Амур жолбарысы жіберілді
Қазақстанға Ресейден жеткізілген төрт Амур жолбарысының алғашқысы жеткізілді. Үміт атты ұрғашы жолбарыс 31 шілдеде Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына жіберілді.

Экология министрлігінің мәліметінше, бұл – өткен ғасырда жойылып кеткен Тұран жолбарысының тарихи мекенінде популяцияны қайта қалпына келтіруге бағытталған халықаралық жобаның алғашқы кезеңі.
Мамыр айында Хабаров өлкесінен бір еркек, бір ұрғашы және екі шөнжік жеткізілген болатын. Алдағы уақытта еркек жолбарыс пен шөнжіктер де табиғи ортаға кезең-кезеңімен жіберіледі.

Жыртқыштардың қозғалысы GPS-қарғыбау арқылы бақылауда болады. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы мамандар тобы мен жолбарыс елді мекенге бес шақырым жақындағанда дабыл беретін жүйе жұмыс істейді.
Бұған дейін Нидерландыдан әкелінген екі жолбарыс жабайы табиғатқа жіберілмейді. Олар хайуанаттар бағында өскендіктен, тұқым көбейту бағдарламасына пайдаланылады.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



