АймақБас тақырып

Қарағанды облысында 340 млрд теңгеге жуық ұзақ мерзімді келісімшарт жасалды

Облыс кәсіпорындары өнім жеткізу бойынша жалпы құны 338 млрд теңгеге жететін алты офтейк-келісімшарт пен тоғыз ұзақ мерзімді келісімге қол қойды. Бұл туралы Үкімет отырысында аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді.

Сурет облыс әкімдігінен

Облыс әкімінің айтуынша, өңірдің басты басымдығы – ішкі өндірістік құндылықты арттырып, жергілікті кәсіпорындарды тұрақты тапсырыспен қамтамасыз ету. Бұл өндіріс көлемін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ биыл Qarmet компаниясымен жасалған меморандум аясында облыстағы 58 кәсіпорынға 100 млрд теңгенің тапсырысын орналастыру жоспарланған. Жылдың алғашқы алты айында оның 65,5 млрд теңгесі игеріліп, жергілікті өндірушілердің өнімдері жеткізілген.

Өңір әкімінің сөзінше, ірі жер қойнауын пайдаланушылармен әріптестікті кеңейту жұмыстары жалғасады. Бұл жергілікті кәсіпорындарға өнімін өткізуге кепілдік беріп, өндіріс қуаттарының тұрақты жұмыс істеуіне жол ашады.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button