Жаңалықтар

Денис Тен қайтыс болды

Сочи Олимпиадасының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қайтыс болды. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ернар Әкімқұлов растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өкінішке қарай, ол қайтыс болды», – деді ол. Оның айтуынша, денсаулық сақтау басқармасы кейін осы жағдайға байланысты брифинг өткізеді. 

Белгілі болғандай, оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында түскі сағат 15:00 шамасында болған.

 Спортшы көлігінің айнасын ұрлап бара жатқан екі адамның үстінен түскен. Екі арада басталған жанжалдың нәтижесінде әлгі адамдар Денис Тенді пышақтап кеткен.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button