Демалыс күндері орталық саябақтың жазғы маусымдағы жұмысы аяқталады
Күн салқындады. Сол себептен осы демалыс күндері Қарағанды орталық саябағында мәдени іс-шаралар маусымы өз мәресіне жетеді.
23 қыркүйек
12.00 – «Әнім саған, Қарағанды» вокалдық байқауы;
18.00 – «Қарағандының жас жылдары» ретрофестивалі. Іс-шарада Марат Бекішев пен «Ностальжи» ретро тобы, Ержан Найманбай, Әлімжан Мәкенов, Жанбек Тілеубергенов, Анифа Ақмоллаева, «Кәусар» және «Әуен» дуэттері және басқа да музыканттар өнер көрсетеді.
24 қыркүйек
16.00 – «Очаровашки» балалар ұжымының би бағдарламасы;
17.00 – Еңбек күніне арналған «Еңбек мерекесі – Елдің берекесі» концерттік бағдарламасы.
Аттракциондар әдеттегідей 12.00-ден бастап жұмыс істейді, балалар теміржолы 11.00-ден 18.00-ге дейін (әр сағат сайын) жүреді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz