Қаражал

Даңқты дәстүр дәріптелді

   Қаражал қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге арналған  «Тәуелсіздіктің жиырма бес шыңы – 25 жұлдызды күн» кешенді бағдарламасы аясында «Асқақтай бер, менің Қазақстаным!» форумы ұйымдастырылып, Ұлттық мерекені ұлықтаудың даңқты дәстүрі дәріптелді.

Рухы биік жиында мемлекеттік ән­ұран орындалып, форумға қатысушыларды қала әкімінің орынбасары Меруерт Мұқашева құттықтады. «Тарихи өлшеммен алғанда тұтамдай ғана уақыт аралығында Қазақстан ғасырлар үлесіне тиесілі болуы тиісті жетістіктерді еркін еңсерді. Елбасы межелеген «2030 – Стратегиясы» сәтімен іске асырылды. Қазақстан әлемдік қоғамдастықта лайықты орнын алып, алпауыт елдер тарапынан толық мойындалды Бұл – біздің қажырлы еңбегіміз бен ертеңге деген берік сеніміміздің нәтижесі» деді ол өз сөзінде.

Форум барысында мінберге көтерілген «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ техникалық бөлімінің бастығы Жанай Серіков, «Өркен» Атасу ЖШС «Батыс Қаражал» шахтасының жас маманы Қайрат Бейсенов және ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі, Қаражал қаласының Құрметті азаматы Серік Баедилов ел Тәуелсіздігі мен оның мерейлі жемістері хақында толғақты сөз қозғады. Алқалы жиынға қатысушылар қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Индира Құрмансейітова, №1 орта мектебінің ұстазы Ләззат Өсербайқызы, білекті балуан, республикалық «Жігіт сұлтаны» байқау-сайысының ІІ орын жүлдегері Айтуған Охан және «Karazhal Operating» ЖШС бас маркшейдері Рауан Үйсінбаевтің лебіздеріне де қызыға құлақ түрді.

Шырайлы басқосуды аймаққа танымал өнерпаздар орындаған патриоттық рухтағы әсем әндер шұрайлы ете түсті.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ҚАРАЖАЛ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button