Руханият

Әлемдік ән додасында топ жарды

Қарағандылық әнші Қызғалдақ Әуесханқызы халықаралық деңгейдегі өнер додасында топ жарып, SUPER GRAND PRIX иегері атанды. Грузияда өткен вокалдық байқауда Қазақстан атынан өнер көрсеткен әнші қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, ел мерейін үстем етті.

Сурет кейіпкердің жеке мұрағатынан

Қызғалдақ Әуесханқызы бұған дейін халықаралық «Slavianski Bazaar in Vitebsk» фестивалінің Қазақстандағы ұлттық іріктеуіне қатысып, бірнеше кезеңнен сәтті өткен болатын. Алдымен, облыстық кезеңде жеңімпаз атанған өнерпаз кейін Алматы қаласында ұйымдастырылған республикалық іріктеуде бақ сынады.

Мыңнан астам үміткер қатысқан байқаудың қорытынды кезеңіне небәрі 12 өнерпаз жолдама алды. Солардың арасынан халық­аралық өнер додасында Қазақстан атынан өнер көрсету мүмкіндігіне ие болған үш әншінің бірі – Қызғалдақ Әуесханқызы.

Сахна мәдениеті, орындаушылық шеберлігі мен дауыс диапазонының кеңдігі арқылы ерекшеленген қарағандылық әнші халықаралық қазылар алқасының назарын аударып, Грузияда өткен вокалдық байқаудың ең жоғары марапатына ие болды.

Жас әншінің жарқын жеңісі – бір өнерпаздың ғана емес, тұтас ел мәдениетінің мерейі екені даусыз.

Өз тілшімізден

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button